Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

«Таза Қазақстан – болашақ кепілі» 13.04.2026 ж. «Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық» колледжі «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында Экологиялық білім күніне орай ұлттық парк қызметкерлері Агронамия және Орман шаруашылығы мамандықтарының 1–2 курс студенттеріне арналған танымдық лекция-семинар өткізді. Іс-шара қалалық деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында: Ұлттық парктің тыныс-тіршілігі Туристік бағыттар «Парктер шеруі» акциясының маңызы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы кеңінен таныстырылып, жастар табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шақырылды. Іс-шараға: 50 студент 10 профессор-оқытушы қатысып, өзара пікір алмасып, қызықты сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар қатысушыларға буклеттер мен үнпарақтар таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ғылыми бөлім тарапынан Қызыл кітапқа енген және эндемик өсімдіктер, сондай-ақ жануарлар әлемі туралы құнды ақпараттар берілді. Студенттер алдағы уақытта ғылыми тәжірибе мен практика жұмыстарын бірлесе жүргізуге шақырылды. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.