Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Грейг қызғалдағы – Қазақстан флорасының бағалы бөліктерінің бірі, еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген түр. Бұл жойылу қаупі бар өсімдіктердің бірі болып табылады. Грейг қызғалдағы Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, атап айтсақ, Шұбайқызыл шоқысында, Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек таулы аймақтарында өседі. Гүлдеу уақыты сәуір айынан мамыр айының бірінші он күндігі.  

Отандастарымыздың әдемі суреттер жасау мақсатында, қызғалдақтарды таптау фактілері, сонымен қатар сыйлау немесе жәй ғана көңіл көтеру үшін гүлдерді жұлу фактілері жыл сайын тіркеледі. Қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынғанының нәтижесінде популяциялардың табиғи жаңаруы бұзылады, сондай-ақ өсімдіктердің таралу аймағы азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР ҚК-нің 339-бабында өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды сақтағаны, өткізгені, әкелгені, әкеткені немесе жойғаны үшін Заң бұзушыға

  • 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады;
  • түзеу жұмыстарына тартылады;
  • 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар қарастырылған;
  • Заң бұзушы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

                                                Ғылым,ақпарат және мониторинг  бөлімінің

                                                         аға ғылыми қызметкері А.Тасбулатова

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.