
Табиғаттың тамаша тартуы жүрек бейнесінде. Ұлттық парк аумағы Қабжайлау шатқалы.
2023 жылдың 23-24 қараша күндері Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Биоәртүрлілікті қаржыландыру шеңберінде» туроператорлар, гид-экскурсоводтар, ЕҚТА қызметкерлері үшін «Экологиялық туризм стандартын қолдану бойынша» семинар өткізілді. Оған қоса, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ЕҚТА» басқармасының басшысы Е.Т.Дүйсекеев Сайрамсу орманшылығында орналасқан құрылыс нысандарымен, БӨБ-ін автоматтандыру және турмаршруттың абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Ұлттық паркте жыл бойына тұрақты түрде жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу мақсатында фототұзақтар орнатылады. Жылдың түрлі мезгілдерінде фототұзақтарға түсірілген жануарлар бейнелерінен үзінді.