Сайрам-Угамский государственный
национальный природный парк

Табиғи кешендерді қорғау бөлімі:
2010 жылдың тамыз айында ұлттық паркте шетел азаматтарының қатысуымен, яғни Германия елінен келген үш азаматқа әуесқойлық (спорттық) аң аулау ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 7 желтоқсандағы №272 Бұйрығымен бектілген ережесіне сәйкес қызмет түрлері көрсетілді.


Шетелдік адамдармен алдан ала ереженің 1 қосымшасына сай аң аулау бастамас бұрын аңшылармен аң аулауға келісім шарт жасасты. Осыдан соң облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына 15 күн бұрын жануарлар дүниесіін пайдалануға рұқсат алуға тапсырым беріліп 2 қосымшасына рұқсаттар алынды. Сонымен қатар шетелдік аңшылардың келу кестесі аумақтық инспекцияға ұсынылды. 3 қосымшаға сай аңшылық атыс және суық қару мен патрондар мөлшерін әкелуге (әкетуге) рұқсат алуға Қ.Р-сы ІІМ-не ережеге сай құжаттар жолданып, рұқсат алынды. Облыстық орман және аңшылық аумақтық инспекциясымен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар алуға берілген тапсырым мен шетелдік аңшылардың келу кестесі қаралып бекітілді. Аң аулауға шығар алдында ұлттық парк тарапынан шетелдік аңшыларда аң аулау үшін қажет құжатары бар жоғы тесеріліп, аңшыларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар берілді. Ұлттық парктің штаттағы қызметкерлері қатарынан аң аулау басшысы және жолсеріктері тағайындалды. Ұлттық паркке қарасты аң аулау аймағына барған соң, аң аулау басталмас бұрын деректерді арнайы тіркеу журналына ангізіп, аң аулау ережесімен мен қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілді. Аң аулау барысында келген шетелдік аңшылармен 2 бас сібір тау текесі олжаланды және де ережеге сәйкес аңшылық хатамасы түзіліп, олжаланған жануарлардың салмағы, мүйіздерінің ұзындығы, жасы көрсетіліп бағалау парағына енгізілді.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2007 жылғы 28 наурыздағы №117-санды қызмет көрсету тарифіне сай ұлттық парктің арнайы есеп шотына шетелдік аңшылар тарапынан көрсетілген қызметтер үшін 300 000 теңге құйылды. Шетелдік азаматардың аң аулау барысында ешқандай төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар болған жоқ.

Информация о туристских маршрутах
На территории парка разработаны 11 туристских маршрутов, паспорта которых утверждены Комитетом лесного хозяйства и животного мира от 1 апреля 2008 года №93.