2026 жылғы 25 маусымда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармация ғылыми-зерттеу зертханасының мамандарымен бірлесіп Сайрамсу орманшылығының Талдыбұлақ шатқалында дәрілік өсімдіктердің ресурстық қорын анықтау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында өңірде өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлік құрамы, таралу аймағы, қоры мен табиғи жай-күйі бағаланып, ғылыми деректер жинақталды. Мұндай зерттеулер табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, биоалуантүрлілікті сақтау және дәрілік өсімдіктерді ғылыми негізде қорғау бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Табиғатты бірге қорғайық! #СайрамӨгем #ҰлттықПарк #ҒылымиЗерттеу #ДәрілікӨсімдіктер #Биоалуантүрлілік #ТабиғаттыҚорғайық











